Республика бойынша барлығы 53 кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және салу талап етіледі. Бұл үлкен экологиялық проблемалардың бірі. Экология министрлігінде нысандарды қайта құру бойынша қаржыландыру жоспары әзірленуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтып берді. Ведомство өкілі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға да тоқталды.