Қазіргі кезде Президенттің осыған дейін айтқан реформаларын іске асыру үшін де, экономиканы дамыту үшін де саяси реформалар ауадай қажет. Өйткені, Қазақстанның экономикалық даму моделі, әлеуметтік даму моделі өзінің шегіне жетті. Біз оларды ары қарай қозғалту, дамыту үшін қажетті энергия көздерін таба алмайтын сияқтымыз. Азаматтық қоғамның ашылуы, қоғамның ішіндегі еркіндік, сөз, ой бостандығы ғана азаматтардың энергиясын оята алады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Саяси реформалар 5.0: сараптамалық көзқарас» сараптамалық дөңгелек үстелі барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым осындай пікірін жеткізді.