Кейбір сыншылар қазір реформаның керегі не, соғыс болып жатыр, қаңтардан кейін есімізді жинау алмай отырмыз, өзімізде де дағдарыс деген пікірлер айтуда. Ал Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтың ойынша, кешегі саяси реформаларды жалғастыру –бұл үлкен қадам. Қандай жағдай болса да тоқтамау. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Саяси реформалар 5.0: сараптамалық көзқарас» сараптамалық дөңгелек үстелі барысында мәлімдеді.