20 наурыз «Наурыз – аға буынды сыйлау мерекесі» деп аталып соғыс, еңбек ардагерлерінің, Батыр аналардың үйлеріне барып құрмет көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев хабарлады.