Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын атап өту және оның маңыздылығын арттыру бойынша арнайы тапсырмалар берді. Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасының мақсаты – қазіргі әлемнің жаһандану кезеңінде ұлттық мерекені, оның маңыздылығын балаларға, жастарға, болашақ ұрпаққа кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік маңыздылығын арттыру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.