Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ карантиндік шараларды қайта қарау және жеңілдету бойынша берілген тапсырмаларын орындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді.