Қазіргі уақытта генерациялау секторын қолдаудың қолданыстағы тетіктерін күшейту қажеттілігі бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қуат нарығы шеңберінде қуатқа шекті тарифті арттыру талап етіледі.