31 ел атом электр станцияларын пайдалануда. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салыну сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ын құрайды. Қазақстанның осы саладағы перспективалары мен әлеуеті туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді.