Электр энергиясына орта мерзімді қажеттілікті жабу үшін генерация көздерін енгізу бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, қуат нарығы шеңберінде бірқатар инвестициялық келісімдер жасалды, бұл жұмыс істеп тұрған станцияларға өз қуаттарын жаңғырту мен қайта жаңартуды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтде энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.