Мемлекет басшысы сервистік модель негізінде полицияны дамытудың халықаралық тәжірибесіне қосылу міндетін ішкі істер министрлігінің алдына қойды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, сервистік полиция – бұл полиция қызметіндегі клиентке бағдарланған тәсіл. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді.