Полиция мәдениеті мен қоғамдық сананы өзгерту. Бұл дәстүрлі полициядан сервистікке ауысу процесіндегі ең қиын нәрсе. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк осындай пікірін білдірді. Ол осы өзгерістердің қажеттілігін көрсететін ең көп таралған мысалдарды келтіріп өтті.