2020 жылғы желтоқсаннан бастап Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен өзара іс-қимыл жасай отырып және Еуроодақтың қаржылық қолдауымен елордалық жоба іске асырылуда. Ол басқа жобалардан түбегейлі ерекшеленеді, өйткені ол жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жұмыс процестерін оңтайландыруға, тиімді басқару жүйесін құруға, полиция мен қоғам арасында диалог орнатуға бағытталған. Дәл осы бөлімшелерден Президент полиция реформасын бастауды тапсырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді.