Бүгінгі таңда тауарлық газ нарығын 95% «QazaqGaz» АҚ газды басымдықпен сатып алу монополиялық құқығымен ұсынады. Нарықта оң баланс байқалады. Өндіріс көлемі тұтынудан асып түседі. Экспортқа 7 млрд м3 газ жіберілді. БҚДА төрағасы орынбасарының айтуынша, экспорттан түсетін табыс есебінен газдың ішкі бағасы субсидияланады.