Соңғы 3 жылда электр энергиясын өндіру 7%-ға өсті. Өсімнің оң серпіні жаңа қуаттарды құрмай жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту есебінен қалыптасты. Бұл ретте, өндіріс көлемінің ұлғаюы мемлекет қатысатын станцияларды жаңғыртудан кейін орын алды және тиісінше, негізгі инвестор мемлекет болып табылады. Осылайша, бағаны реттеу жағдайында нарықтың дамуы, жаңа дәстүрлі станциялардың пайда болуы, жеке инвестициялар ағыны жоқ. Жағдай туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтып берді.