Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тарту көзделген. Қазіргі кезде арнайы бағдарлама жобасы әзірленді. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында педагогтер тапшылығы анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.