2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау конкурсы дарынды балаларға арналған 71 мектепте өтеді. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында www.qabyldau.daryn.kz порталы арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов мәлімдеді.