Жұмыспен қамтылғандардың 15% - ы тек орта білімге ие, түлектердің 40% - дан астамы мамандық бойынша жұмыс істемейді, жастардың 34%-ы мамандықты өз бетінше таңдамаған. Сондықтан жұмысқа орналасу проблемалары туындайды. Нарықты талдау нәтижелері бойынша осындай деректерді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жариялады.