11 наурыздан бері Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында су сору жұмыстары жалғасуда. Аумақта жаңбыр 16 күннің ішінде бір айлық нормадан 68%-ға дейін жоғарылаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов хабарлады.