Адам құқықтарын қамтамасыз ету - құқық қорғау қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Қылмыстық процесте адам құқықтары мен бостандықтары қатаң түрде шектеледі. Дәл осы салада Қазақстан заңнаманы шетелдердің озық тәжірибесі бойынша жетілдіруді ұдайы жалғастырып келеді. Мемлекет басшысы белгілеген бағыт шеңберінде қылмыстық процестің үш буынды моделі кезең-кезеңімен енгізілуде. Бірінші кезең 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап тергеушінің негізгі шешімдерін прокурормен келісу рәсімін енгізу болды. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев хабарлады.