Соңғы жылдары Қазақстанда 18 колледж жабылды. Бірақ лицензияларды қайтарып алу себебінен емес, оңтайландыру, бейіндеу мақсатында, негізінен жеке меншік колледждерге қатысты болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова хабарлады.