Есептік деректерге сәйкес, тұқым себу жоспардан 100% жүзеге асырылды. Сараптамаға 1,5 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түсті, оның 1,3 млн тоннасы немесе 90% тексерілді. Соңғы бес жылда тұқым өндірушілерді егіс техникасымен қамтамасыз ету пайызының 70-тен 89,4%-ға, егін жинау 80-нен 92%-ға, тұқым тазалау 63-тен 81,4%-ға дейін өсті. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай мәліметтерді жария етті.