Өткен жылдан бастап Министрлік АӨК субсидиялау тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді. Қолданыстағы субсидиялау жүйесін реформалаудың бірнеше нұсқасы дайындалды, олар жұмыс тобының отырыстарында бірнеше рет талқыланды. Алайда, Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының тұрақтылығын сақтау мақсатында ағымдағы жылы геоахуалды ескере отырып, субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.