Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 760 мың га алқапта егіліп, 2021 жылмен салыстырғанда 9,2 мың га ұлғайды. Өңірде ауа райының қолайлы болуына орай көктемгі егіс жұмыстары басталып кетті. Жоспарлы жыртылуы тиіс 106,4 мың га жердің 54,5 мың га алқапта айдау жұмыстары басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов хабарлады.