Еуропалық Одақ өзіне-өзі қол жұмсау мәселесін өте өзекті деп санайды. Суицидтің алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі құралдарды пайдалана отырып, іс-шаралар қабылданады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский бірқатар бағдарламалар туралы айтып өтті.