Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың суицидті жауапты жариялау және осындай жағдайлардың алдын алу рөлі талқыланды. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан Медиа Альянсы» ҚБ өкілдігі директорының айтуынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға болады және бұл мәселе көп секторлы болып табылады. Бұл процесте ақпаратты дұрыс тарату және халықтың хабардарлық деңгейін арттыру маңызды рөл атқарады.