ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейін халық арасында суицидтер мен суицидтік әрекеттер санының тиісінше 27,6% - ға және 10,1% - ға артқаны байқалады. 2021-2022 жылдардан бастап 2 айдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда суицидтер саны өсіп, әрекеттер саны азайды. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтер мен суицидтік әрекеттер санының динамикасы соңғы жылдары төмендеуде, суицидтер – 13,7% - ға және суицидтік әрекеттер – 23,1% - ға.