Ғылым жақсы дамыған батыс елдерінің деңгейіне жетпес бұрын құрал-жабдықтар, жақсы қаржыландыру және ғылыми әлеует қажет. Бұл 3 фактор түпкілікті нәтиже береді. Қазақстанда бұл әлеует бар. Микробиология және вирусология институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Аманкелді Саданов бұған сенімді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ол қазақстандық ғылымды дамытудың жеке тәжірибесі туралы айтып берді.