2025 жылы Қазақстанда ғалымдар санын 1,5 есеге арттырып, кемінде 34-35 мыңға жеткізу көзделген. Оның кемінде жартысы, яғни 17 мыңы жас ғалымдар болуы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Құрманғалиева Жанна Құрманғалиева мәлім етті.