Былтыр мемлекет басшысы «Жас ғалым» жобасы бойынша 1 мың грант бөлуді тапсырды. Мақсаты - ғалымдар санын арттыру. Жоба, грант докторантура бітірген, докторлықты қорғаған ғалымдарға арналған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева хабарлады. Конкурс 2 мәрте өткізілді.