Жол-көлік оқиғаларының белгілі бір үлесі ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпаратты елемейтін жүргізушілерге байланысты. ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов осыған қатысты бірқатар мысал келтіріп өтті. Өткен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 5 облысында жаппай жол-көлік оқиғалары орын алды, наурызда – алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарында.