Ағымдағы жылдың үш айында 1622 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 1238 жол қозғалысы саласында. 11 млрд теңге сомасына айыппұл салу туралы мыңнан астам қаулы шығарылды, 6,9 млрд теңге өндірілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов осындай мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, 5671 мас жүргізуші ұсталды.