Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалардың негізгі 10 бағытын айқындады. Бүгінгі күні Президенттің Жарлығымен Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс – шаралар жоспары бекітілді, онда 36 іс-шара қарастырылған, оның ішінде 18-і заңнамалық сипатта, 5-і заңға тәуелді актілерді қабылдауды талап етеді, қалған 7 іс-шара жалпы сипатқа ие. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.