Бүгінде елімізде онкологтармен қамтамасыз ету 1038-і құрайды, оның 151-і ауылда. Онкологтар тапшылығы – 94, 75 штаттық бірлік, ауылда – 30,25. Соңғы жылы резидентурада радиациялық онкология бойынша гранттар саны бірнеше есеге артты. 2021 жылы 12 резидент бітіріп шықса, 2022 жылы олардың саны 24 құрайды. Ал ересектер онкологиясы бойынша резидентура бойынша гранттар саны 14-тен 73-ке дейін 5 есеге артты. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Жанғарашева мәлімдеді.