2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық 10% - ға жуық өсіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 190,3-ті құрады. Яғни, 36 мыңнан астам жаңа жағдай анықталды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 4 мың жағдайға артық. Бұл өсімнің себептерін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚазҒЗИ онкология және радиология басқармасының төрайымы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, еліміздің онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Қайдарова түсіндірді.
2020 жылы ковидтің таралуына байланысты тұрғындар емханаларға бара алмады: онкологиялық аурумен сырқаттанушылық 10% - ға өсті%
Тегтер:
денсаулық сақтау