Мемлекет басшысы қол қойған «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықта бюрократиядан арылтудың бес қағидасы қарастырылған. Бұл туралы журналистерге ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова егжей-тегжейлі айтып берді.