Мемлекеттік қызметшілер артық есептер толтыру жұмысынан босатылады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» брифинг барысында мәлімдеді.