Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев тергеу мен соттарда заңдылықты қамтамасыз ету бойынша прокуратура органдары жұмысының негізгі аспектілеріне тоқталды. Мемлекет басшысы қылмыс саласында адам құқықтарын қорғауды күшейтуге тұрақты назар аударып келеді.