Президент Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап ететінін айтты. Бұл ретте реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тартуға жағдай жасалып отыр. Республикалық және өңірлік деңгейде түрлі диалог алаңдары жұмысын бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов хабарлады.