Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық процестерге тың серпін берді. Онда «Жаңа Қазақстанның» келбеті, оны құру бағытында тұрған міндеттер және ол міндеттерді шешу жолдары анық көрсетілді.