Конституциялық реформалар практикасының соңғы 10 жылдығын талдау азаматтардың конституциялық бақылауға қолжетімділігін кеңейті үрдісін көрсетеді. Ол арқылы азаматтар заңнамалық қайшылықтарды шешуге және құқық үстемдігін бекітуге атсалыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.