Прокуратура мен ішкі істер органдары өкілдерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ел тұрғындары азаматтық ұстанымын білдіруді жалғастыруда, бүгінде 142 қару-жарақ ерікті түрде тапсырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар мәлімдеді.