Бүгінде еліміздегі барлық саланы түбегейлі монополиясыздандыру аса маңызды. Осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Аmаnаt» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артатынын атап өтті.