Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады. Қосымшаны әзірлеудегі негізгі мақсат Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын орындау болып табылады. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.