2021 жылдың қорытындысы бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 56 лауазымды тұлға атқарып отырған қызметінен босатылды, еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары құқық қорғау органдарына 1 мыңнан астам материал жіберді, олар бойынша 127 қылмыстық іс қозғалды. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді.