2022 жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 306 кәсіпорында жалақы бойынша 1,6 млрд теңге көлеміндегі берешекті анықтады. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары-ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.