Қорғаныс министрлігі қызметінің нақты аспектілеріне көше отырып, ең алдымен, құрылымдық өзгерістер туралы айту керек. Арнайы операциялар күштерін дамыту контексінде қолбасшылық құрылды, оның құрамына басқа әскер түрлері мен тектерінің бөлімдері мен бөлімшелері кіреді, қазіргі заманғы қару-жарақ пен техникамен басым жарақтандыру жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.