Ішкі істер министрлігі «қаңтар оқиғасы» бойынша қозғалған қылмыстық істерді өз құзыреті шеңберінде тергеуде. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда, 1150 қылмыстық іс бар. Олардың негізгі бөлігін ұрлықтар құрайды – 157, қарудың заңсыз айналымы – 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру – 23 және т.б… Осы істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.