Сипаттайтын деректердің және жасаған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, өткен апта ішінде 12 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.