Заң жобасында қарастырылған түзетулер олар жаңа әділетті Қазақстан жалпы мемлекеттік қоғамдық құндылықтарды қайта форматтауға бағыттап, Екінші Республиканың саяси құқықтық негізін қалайтын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.