Референдумға 1 мәселе – Конституцияға түзетулер қабылдау мәселесі шығарылады. Егер 11 облыс халқының көпшілігі «жақтап» дауыс берсе, онда түзетулер қабылданды деп есептеледі. Егер бұл көрсеткішке қол жеткізілмесе, онда түзетулер қабылданбаған болып саналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. Ол неліктен 11 облыс алынып отырғанын түсіндіріп өтті.